02.06.2008, 15:36 2791

Төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 2008 жылы өсе түсті- ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 2008 жылы өсе түсті- ҚР ТЖМ

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 4 айында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 25%-ға өсті. Бұл туралы бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағатта" ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 4 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 25%-ға, қаза тапқандар саны 7 есе өсті", -деді В. Божко.

"Олардан келген материалдық шығын 18,6 есе өсті", - деді ол.

ТЖМ министрі "материалдық шығынның басым бөлігі су тасқыны болған Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде екенін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны