12.06.2013, 14:10 2939

Тректі велоспорт құрамасының аға жаттықтырушысы жол апатынан қайтыс болды

Алматы облысында ірі жол апаты болып үш адам мерт болды. Төртінші ер адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Тректі велоспорт құрамасының аға жаттықтырушысы жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысында ірі жол апаты болып үш адам мерт болды. Төртінші ер адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты маусымның он біріне қараған түні Қапшағай-Қазақстан ауылы жолының бірінші шақырымында болған.

"Жүргізуші басқару тетігіне ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Содан соң жана бастаған. Салдарынан Евгений Цой және Алексей Сержантов есімді Алматы облысының тұрғындары мен алматылық Валерий Карчин сол жерде көз жұмды. Төртінші адам - Евгений Пучнев ауыр халде Қапшағай ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

В.Карчин Қазақстандағы тректі велоспорт құрамасының аға жаттықтырушысы болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны