10.06.2013, 17:52 8676

Түркияда апатқа ұшыраған джипте 4 қазақстандық азамат болған, оның біреуі қаза тапты

Естеріңізге сала кетейік, 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де Түркияның Билек қаласында джип-сафари туры барысында көлік апаты орын алған еді. Жеті адам мінген джиптің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған болатын.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Түркияда апатқа ұшыраған джипте Қазақстанның 4 азаматы болған, оның біреуі қаза тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де Түркияның Билек қаласында джип-сафари туры барысында көлік апаты орын алған еді. Жеті адам мінген джиптің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған болатын.

Қазақстанның Антальядағы консулдығының ақпаратына қарағанда, көлік салонында болған 8 адамның төртеуі - қазақстандықтар. Атап айтқанда, олар - ерлі-зайыпты Нарғыз пен Бақтияр Сыдықовтар және Ихбал мен Рахымжан Құрбановтар. Басынан ауыр жарақат алған Нарғыз Сыдықова оқиға орнында қаза тапты. Н.Айтмахановтың атап өтуінше, оның мүрдесі Анталья қаласының сот-медициналық институтының моргында. Ал еліміздің тағы бір азаматшасы Ихбал Құрбанова да ауыр жарақат алып, Антальядағы Мемлекеттік госпитальдің жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қазақстанның Анталья қаласындағы консулдығы азаматтарымызға көмек көрсетудің барлық қажетті шараларын қабылдауда әрі олармен тұрақты байланысқа шығып отыр. Атап айтқанда, Нарғыз Сыдықованың денесін елге әкелуге байланысты сәйкесінше құжаттарды рәсімдеуде. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі қосымша хабарланатын болады", - деді СІМ баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны