06.01.2011, 12:33 5847

Түркияда бір азамат жергілікті авиакомпанияның ұшағын басып алмақ болған

Түркияда бір азамат жергілікті авиакомпанияның ұшағын басып алмақ болған

Алматы. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Түркиш эйрлайнз,, әуекомпаниясының Ослодан -Стамбулға ұшып шыққан рейсінің жолаушылары ұшақты жарып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсетіп, Норвегия астанасына қайта оралуды талап еткен адамды залалсыздандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сaspionet агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, ұшу барысында 40-жастағы Кума Яшар кенеттен шаңғы тепкенде киетін бетпердені киіп алып, ұшақтың қайта қайтуын талап етіп, айғайлай бастаған. Бірнеше ержүрек жолаушылар Яшардың айғайына құлақ аспай, оны тоқтатқан кезде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұзақы жолаушының қалтасынан мүгедектігі туралы анықтама табылған. Ішінде 60 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі бар Боинг 737-800 ұшағы Түркия астанасына кеше кешкісін аман есен қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ал ұшақты күтіп алған арнайы әскерилер бұзақыны бірден қамауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны