26.10.2011, 10:54 4523

Түркияда болған жер сілкінісінде құрбан болғандардың саны 432 адамға жетті

Түркияда жексенбі күні болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 432 адам қайтыс болған. Бұл туралы кеше кешкісін жергілікті билік мәлім еткен.

Астана. 26-қазан. Kazakhstan Today - Түркияда болған жер сілкінісінде құрбан болғандардың саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Түркияда жексенбі күні болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 432 адам қайтыс болған. Бұл туралы кеше кешкісін жергілікті билік мәлім еткен.

Сонымен қатар, 1 352 адам жарақат алған. Құтқарушылар құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін айтады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жерасты дүмпулері салдарынан 2,2 мың ғи марат қираған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны