20.05.2011, 11:06 2564

Түркияда қатты жер сілкінісі болды

Жер дүмпулерінің кіндігі Усак қаласынан 53 шақырым жерде 4.6 шақырым тереңдікте болған. Цунами қауіпі туралы әзірге ақпарат келіп түскен жоқ.

Астана. 20 - мамыр. Kazakhstan Today - Түркияда қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Ұлттық геологиялық орталығының мәліметтері бойынша жер сілкінісінің күшін 6 балл деп бағаланған.

Жер дүмпулерінің кіндігі Усак қаласынан 53 шақырым жерде 4.6 шақырым тереңдікте болған. Цунами қауіпі туралы әзірге ақпарат келіп түскен жоқ.

Полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігінің хабарлағанындай, зілзала салдарынан елдің батысында 20 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.

Көз жұмғандардың бірі терезеден секіріп кеткен ер адам болса, жасы келген әйел адам жүрек талмасынан көз жұмған.

2010 жылдың 8 наурызы күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісі 60 адамның өмірін қиып, 100-ге жуық адам жарақат алған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны