28.08.2006, 10:30 2606

Түркиядағы дауажайлардың бірінде үш жарылыс болды, зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Түркиядағы Мармарис дауажайында дүйсенбіге қараған түні үш жарылыс болды; зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бір бомба шағын автобуста жарылған. Соның салдарынан Ұлыбританиялық 10 турист пен жергілікті 11 тұрғын жараланды. Тағы екі жарылыс дауажайдың басты гүлзарында және клубтар, мейрамханалар мен кафе-барлар орналасқан аймаққа таяу жерде болды. Бұл жарлыстардан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жарылыстарға қатысты жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны