03.08.2006, 12:34 5439

Түркістан полициясының бұрынғы басшысы есірткі саудасы үшін 17 жылға бас бостандығынан айрылды

ШЫМКЕНТ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Түркістан қалалық соты Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысын есірткі саудасы үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өткен сәрсенбіде Түркістан қалалық сотының төрағасы Мұхтар Парменов Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Дәрібай Шалаев пен оның екі сыбайласына қатысты іс бойынша үкім шығарды. Сот хатшысының Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, 50 жастағы Д.Шалаев ҚР Қылмыстық кодексінің "Қызмет бабы бойынша әрекетсіздік" жөніндегі 315-бабы бойынша ақталып, "Аса ірі көлемде есірткі сату", "Жауынгерлік қаруды заңсыз сақтаау және алып жүру", "Қызмет бабын бас пайдасына жарату" жөніндегі баптар бойынша айыпталды. Нәтижесінде ол мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айрылып, жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтейтін болды.

Оның сыбайласы, 38 жастағы Ресей азаматы, Шешенстан тумасы Муса Алиев 12 жылға, 51 жастағы Мусахан Бигашов 10 жылға бас бостандығынан айрылды. "ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкесбұл жазаны үш жылғы сынақпен шартты жаза деп ұғу керек",- деді сот хатшысы. Оның айтуынша, М.Биғашовқа құқық қорғау мекемелерімен ынтымақтастығы үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы қолданылды.

Адвокаттардың айтуынша, Д.Шалаев пен М.Илиев үкіммен келіспей отыр, олар кассациялық шағым бермекші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Дәрібай Шалаев 2005-жылдың 2-қарашасында ұсталды. Бұл тағайындауға дейін ол облыстық қылмыстық полициясының бастығы лауазымын иемденген. Одан 4 килограмм героин мен тапанша табылып тәркіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны