05.01.2012, 12:59 3384

Түркістанның мұражайында өрт шықты

4-қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында сағат 18.17 Нұртас Оңдасынов атындағы мұражайдың төбе жабандысы өртенген. Өрт 21 сағат 12 минутта сөндірілді.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Түркістанның мұражайында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында сағат 18.17 Нұртас Оңдасынов атындағы мұражайдың төбе жабандысы өртенген. Өрт 21 сағат 12 минутта сөндірілді.

Жалынды ауыздықтауға Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД 52 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы жұмылдырылды.

Тілсіз жаудың шарпыған аумағы 650 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны