05.12.2013, 16:20 23581

ТЖМ Астана және Ақмола облысы тұрғындарынан алыс жолға шықпауларын сұрады

"Облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауларын сұранамыз. Барлық аудан орталықтарына да бұл хабарламаны жібердік. Жел тағы күшейеді деп күтілуде. Қазір барлық жол тазалау құтқару техникалары сақадай тұр",- деді Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары Жанат Қартбаев.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Қыстың алғашқы күндерінде Арқада ақ боран басталды. Бүгін Щучье қаласынан Астанаға баратын жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Екі күннен бері Көкшетаудың барлық бағыттағы жолдары көктайғақ болып тұрған.

Бүгін үдей соққан жел күшейіп, қар ұшқындап, боран басталды. Изірге Щучье мен Астана арасындағы жол жабылып, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін көліктер тоқтатылды. Ал, қала маңындағы көшелер тазартылуда. Жол полициясы да апатты аймақтарды қатаң қадағалауға алды. Боран басталғалы жол көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

"Біз көлік жүргізушілерін сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Бораннан бөлек жол үсті көктайғақ болып тұр. Астанаға қатынайтын жол жабылды",- деді Ақмола облыстық ЖПБ қызметкері Талғат Батырбеков.

"Облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауларын сұранамыз. Барлық аудан орталықтарына да бұл хабарламаны жібердік. Жел тағы күшейеді деп күтілуде. Қазір барлық жол тазалау құтқару техникалары сақадай тұр",- деді Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары Жанат Қартбаев.

Ал, Семей қаласында күн райы сүреңсіз болып тұр. Биыл қар тек желтоқсанның 1-інде жауып, халықты таңырқатты. Бүгін таңертең алдымен жаңбыр жауып, арты жапалақтаған қарға ұласты. Қазір жауған қар еріп, көшелер лайсаң батпаққа айналды. Кешке көктайғақ болады деп күтілуде. Семейліктер, дәл желтоқсан айында жаңбыр жаууы өңір үшін таң құбылыс,-дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны