31.03.2014, 19:30 18867

ТЖМ құтқарушылары Көкпекті су қоймасындағы су басудан 200-ге жуық адамды құтқарды

ТЖМ хабарлағандай, су қоймасын су шайып кету қаупі туғандықтан, Көкпекті кентіндегі өзен жағалауында орналасқан шамамен 210 адам және Қарағанды облысындағы Сортировка кентіндегі 150 адам тұрғандарына хабар таратылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Су көлемінің көбеюі мен шлюз камерасында қажетті өткізу қабілеті болмауы себепті, 30 наурыз күні сағат 18.30-да Көкпекті су қоймасындағы су ернеуінен асып төгілді.

ТЖМ хабарлағандай, су қоймасын су шайып кету қаупі туғандықтан, Көкпекті кентіндегі өзен жағалауында орналасқан шамамен 210 адам және Қарағанды облысындағы Сортировка кентіндегі 150 адам тұрғандарына хабар таратылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Сондай-ақ, Көкпекті өзенінің және одан әрі Нұра өзенінің бойында тұратын барлық елді мекендерге хабар таратылды. Хабар тарату әр үйді аралап жүріп айту арқылы іске асырылыды.

31-наурыз күнгі сағат 1.30-да Көкпекті су қоймасын су шайып кету салдарынан Көкпекті кентіндегі 100 шақты үйді (ауылдағы 810 үйдің ішінен) биіктігі 1,5 - 1,8 метрдей су басып кетті.

31-наурыздағы сағат 2.45 бастап кенттегі су деңгейі төмендей бастады.

Төтенше жағдайды жою және су басқан жердегі халықты қауіпсіз жерге көшіруге өткізгіштігі жоғары техника мен 124 адамдық жеке құрам және медициналық апаттық құтқарушылардың, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінің 15 бірлік техникасы жұмылдырылды.

"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Көкпекті кентінден 125 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қаза тапқан 4 адамның денесі табылды. Мектепте ТЖ жою жөніндегі штаб пен медпункт құрылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, оқиға орнына ҚР ТЖ жөніндегі министрі В. Божко ұшып барды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны