06.02.2023, 13:18 16311

ТЖМ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы туралы хабарлады

Залалды бағалау үшін арнайы комиссия құрылады
ТЖМ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы туралы хабарлады
Сурет: gov.kz
Астана. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев су тасқыны салдарынан тұрғын үйлерді су басқаны үшін өтемақы кімге және қалай төленетінін айтты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Егер үйді су басқан болса, онда өтініш бойынша өтемақы алуға өтінім қаралатын болады. Жергілікті бюджетте төтенше жағдайларға арналған қаражат көзделген. Егер жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болса, онда қосымша қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін болады", - деді вице-министр.


gov.kz

Оның айтуынша, залалды бағалау үшін арнайы комиссия құрылады. Ол сондай-ақ су басу ықтималдығы жоғары аймақтарда эвакуациялық пункттер ұйымдастырылғанын, оңтүстік гарнизондардың барлық аумақтық бөлімшелері жоғары дайындыққа келтірілгенін хабарлады.

gov.kz

Қазгидрометтің дауылдық ескертуіне сәйкес 2023 жылдың 4 мен 10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын күтілуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі ықтимал, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін", - деп хабарлады ТЖМ.


Суды бұру үшін 13 мыңға жуық қапшық төселді, жеке құрамның 400-ден астам қызметкері және 71 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Түркістан облысының көмегіне Шымкент гарнизонының күштері мен құралдары жіберілді.

gov.kz

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, 200-ден астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 111 бала туыстарына орналастырылды. Қазір олар үйлеріне оралуда", - деп атап өтті вице-министр.


ТЖМ азаматтарға өз аула аумақтарын қардан уақтылы тазарту, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту қажеттігін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше құтқарушылар Қазақстанның оңтүстігіндегі бес елді мекенді су басуына жол бермеді. Бір түнде өткізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метрді, елді мекендерге жақын жерде сорылған судың жалпы көлемі 16 мың текше метрді құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны