05.02.2016, 19:17 5678

ҰБТ талантты жастарға ЖОО-ға түсуге кедергі келтірмеуі керек

ҰБТ талантты жастарға ЖОО түсуіне кедергі келтірмеуі керек, деді Премьер-Министрдіӊ орынбасары Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігініӊ алқа отырысында

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - ҰБТ талантты жастарға ЖОО түсуіне кедергі келтірмеуі керек, деді Премьер-Министрдіӊ орынбасары Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігініӊ алқа отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҰБТ бойынша сұрақтар өте көп. ҰБТ идеясыныӊ өзі жақсы құрастырылған. Бұл салада жемқорлық азайды. Министрлік пен үкімет мектептердегі білім сапасы бойынша нақты ақпарат ала бастады. ҰБТ білім көрсеткішініӊ 100 пайыздық дәлелеі бола алмайды. Тағы да бірқатар көрсеткіштер болуы керек", - деді Д.Назарбаева, деп хабарлайды www.strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, ҰБТ - моральдық және психологиялық ахуал.

"Жыл сайын көрсеткіштер жинағын қарастырғанда қобалжимыз. Біз ҰБТ-ны майдан ретінде санауды қаламаймыз. Сондықтан да, ҰБТ талантты жастардыӊ жоо-ға түсуіне кедергі келтірмеуін қамтамасыз етуіміз қажет", - деді Д.Назарбаева.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны