08.08.2013, 16:27 5104

Үйінен травматикалық тапанша тауып алған3 жасар бала өзін басынан атқан

Ақтауда үйінен травматикалық тапанша тауып алған 3 жасар бала оның шүріппесін басып қалған

Ақтау. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Ақтауда үйінен травматикалық тапанша тауып алған 3 жасар бала оның шүріппесін басып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның бас-сүйегіне зақым келген - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Келеңсіз оқиға болған кезде анасы мен бағушы әйел үйде жүрген, бүлдіршін "Оса" травматикалық қаруымен ойнап жүріп, абайсызда шүріппені басып қалған.

Баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны