29.06.2016, 19:48 8395

ҰҚК Қарағанды облысында терактініӊ алдын алды

Комитеттіӊ мәліметінше, 26 маусым күні Қарағанды облысыныӊ Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш затты пайдаланып террористік акт жасауды жоспарлаған радикалды топтыӊ қызметін тоқтатты

Қарағанды. 29 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысыныӊ екі елді мекенінде террористік актініӊ алдын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Комитеттіӊ мәліметінше, 26 маусым күні Қарағанды облысыныӊ Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш затты пайдаланып террористік акт жасауды жоспарлаған радикалды топтыӊ қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Гүлшат елді мекенінде ұстау операциясы кезінде террористердіӊ бірі өзін-өзі жарып жіберіп, көз жұмды. Басқа құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Лаӊкестік топтыӊ қалған мүшелері ұсталды. Жарылғыш заттыӊ компоненттері, қару және өзге де айқақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ҰҚК.

Тергеу шаралары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны