31.07.2006, 18:00 6663

ҰҚК қызметкерлері Қарағандыда қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК қызметкерлері Ресей Федералдық барлау қызметі мен Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірлесіп Қарағандыда халықаралық есірткі сатушы қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қылмыстық топтың мүшесі 27-шілдеде Ресейге есірткі алып бара жатып ұсталды. Есірткі тасымалдау арнасын анықтау шарасы бірнеше жылға созылған.

2005-жылы Қазақстан мен Ресей аумағында осынау трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың басқа да бірқатар мүшелері қылмыс үстінде ұсталған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны