28.12.2012, 12:43 3989

Украинада жанкешті медициналық университет ғимаратын жарып жіберді

Украинаның Черновцы қаласында медициналық университеттегі оқу корпусының мекемесінде жарылыс болды. Бомбаны өзін жарылғыш заттармен орап алған белгісіз ер адам іске қосқан.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Украинада жанкешті медициналық университет ғимаратын жарып жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Украинаның Черновцы қаласында медициналық университеттегі оқу корпусының мекемесінде жарылыс болды. Бомбаны өзін жарылғыш заттармен орап алған белгісіз ер адам іске қосқан.

Ол мерт болды, деп хабарлады Утро. ру.

Сондай-ақ университеттің қызметкері мен студент дене жарақаттарын алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде университет корпусының аумағы қоршауға алынды.

Ол жерде құтқарушылар, милиция, газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны