08.05.2012, 11:21 2658

"Ил-Каеда" тағы да жарылыс ұйымдастырмақ болған

Лаңкестер өткен жылы америкалық арнайы әскердің қолынан қаза тапа тапқан көсемдері Осама Бен Ладеннің өліміне бір жыл толуын осылайша атап өтпек болған көрінеді

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Йеменде шоғырланған әл-Каеда бөлімінің АҚШ-қа бет алған не сол елден шыққан әуе ұшағын жармақ болған әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Лаңкестер өткен жылы америкалық арнайы әскердің қолынан қаза тапа тапқан көсемдері Осама Бен Ладеннің өліміне бір жыл толуын осылайша атап өтпек болған көрінеді. АҚШ құқық қорғау органдарының хабарлауынша, шабуылды жасайтын адам уақытын және нақты ұшақ рейсін өзі анықтап, жарылғыш затты киімінің ішіне жасыруы тиіс болған. Сарапшылар атап көрсеткендей, бұл жолғы жоспар 2009 жылы Омар Фарук Абдул Мутталаб есімді нигериялық Амстердам-Детрейт бағытындағы ұшақты жармақ болған сәтсіз әрекетіне ұқсас.

Дегенмен, бұл жолы лаңкестер өте күрделі жарылғыш затты пайдаланбақ болған дейді барлаушылар. Ассошиейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, бомба мықты өнеркәсіп жарылғышынан құрастырылған және құрамында металл болмағандықтан, қарапайым тексеру кезінде байқалмай қалуы да мұмкін еді. Алайда, лаңкестің кім-екендігі және оның қазір қайда екендігіне қатысты ешқандай ақпарат айтылмады. Тек қана жарылғыш заттың шетелде тәркіленгендігі және қазіргі уақытта техникалық және соттық тексеруден өтіп жатқандығы белгілі болды. АҚШ президенті Барак Обама лаңкестік шабуылдың ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде осы айдың сәуір айында хабардар болған екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны