19.03.2013, 13:07 3351

Үндістанда ірі жол апатынан 37 адам қаза тапты

Телеарна мәліметіне қарағанда, зардап шеккендердің арасында шетел азаматтары да бар, олардың бірі Ресей азаматы екені анықталған.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Үндістанның батыс жағалауында орналасқан Махараштра штатында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан кем дегенде 37 адам қаза тапқан.

Телеарна мәліметіне қарағанда, зардап шеккендердің арасында шетел азаматтары да бар, олардың бірі Ресей азаматы екені анықталған.

Гоа штатынан Мумбайға келе жатқан автобус көпірден құрғап қалған өзеннің арнасына құлап кеткен. Полиция хабарлауынша, жүргізуші белгісіз себептерге байланысты көлікті басқара алмай қалған.

Жол апаты Мумбайдан 350 шақырым жерде орын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны