29.06.2012, 09:56 3174

Үндістандағы тасқын салдарынан миллиондай адам үйлерінен кетті

Нөсер жауыннан болған тасқыннан кем дегенде 27 адам құрбан болды. Штаттағы 27 ауданның 21-ін тасқын суы басып кетті.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Үндістанның Ассам штатындағы тасқын салдарынан миллионға жуық адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нөсер жауыннан болған тасқыннан кем дегенде 27 адам құрбан болды. Штаттағы 27 ауданның 21-ін тасқын суы басып кетті.

Үндістанның солтүстік-шығысындағы нөсер жауын екі апта бойы құйып тұр. Елдің ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, мұндай тасқын 1998 жылдан бері болмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны