20.09.2007, 15:15 2455

Изербайжанда 4,5 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Изербайжанда 4,5 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баку. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанда Рихтер шкаласы бойынша 4,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Изербайжанның Ғылым академиясының жанындағы Сейсмологиялық қызмет орталығының қызметкерінің хабарлауынша, жер асты дүмпуі кеше жергілікті уақытпен 22 сағат шамасында (мәскеу уақыты бойынша - 21.00) тіркелген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Жер сілкінісінің кіндігі Карабах аймағында орналасқан Тертер ауданы орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда болған. Дүмпу басқа да бірқатар елді мекендерде сезілген. Атап айтқанда, Азербайжанның Гяндже қаласында оның күші үш балды құраған",- деп айтылған мәтінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны