11.06.2008, 11:38 1406

Вэньчуань уезінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5 балл болатын қалдық жер асты дүмпулері тіркелді

Вэньчуань уезінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5 балл болатын қалдық жер асты дүмпулері тіркелді

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сычуань провинциясының Вэньчуань уезінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5 балл болатын қалдық жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың мемлекеттік сейсмологиялық желісінің ақпаратына сәйкес, бүгін 6 сағат 23 минутта Вэньчуань уезінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5 балл болатын қалдық жер асты дүмпулері тіркелді. Оның ошағы солтүстік бойлықтың 30,9 градус және шығыс ендіктің 103,4 градусында тіркелді.

Еске сала кетейік, Қытайдың Сычуань провинциясында 12 мамырда 7,8 балл қуатты жер сілкінісі болды. Бұл зілзала, соңғы мәлімет бойынша, 69 мың 146 адамның өмірін жалмады. 17,5 мың адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында болса, 374 мың адам жараланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны