18.02.2011, 18:32 4046

Вьетнамда шетелдік туристер отырған кеме суға батып кетті

Вьетнамда шетелдік туристер отырған кеме суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Вьетнамда шетелдік туристер отырған кеме суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Қаза тапқан 12 адам Дания, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Швейцария, Жапония және Франция азаматтары көрінеді.

Алғашқы деректерге сүйенсек, кеменің батып кетуіне оның түбінің бір жері жарылып кетуі себеп болған.

Апат кезінде кемеде 27 адам болыпты. Олар Халонг шығанағына серуенге шыққандар екен. Таң алдында кеменің жарылып кеткен тұсы -машина залынан су кіре бастаған. Бұдан кейін кеме бірнеше минутта суға батып кетті. Туристердің кейбірі осы кезде шырт ұйқыда жатқандықтан сыртқа шығып үлгермепті.

Халонг шығанағында туристік кемелермен байланысты апатты оқиға тек бұл емес. Өткен жылдың наурыз айында 10 адам мініп келе жатқан туристік кеме өртке оранған болатын. Ал 2 жыл бұрын 32 саяхатшысы бар кеме апатқа ұшыраған. Халонг шығанағы ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени құндылықтар тізіміне енгізілген. Осы ауданда жыл сайын 3 миллион турист болып қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны