25.05.2020, 18:49 67170

Қызылордалық өрт сөндірушілер қызыл жалын ішінен 6 газ баллонын шығарды

Нәтижесінде тұрғын үй ауласында орналасқан ауданы 50 шаршы метрді құрайтын сарай толығымен жанып, көрші тұрғын үйдің жапсарлас салынған бастырмасына және жақын орналасқан моншаның ағаш шатырына қызыл жалын зақым келтіргендігі анықталды.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордалық өрт сөндірушілер қызыл жалын ішінен 6 газ баллонын шығарды.

2020 жылғы 21 мамырда сағат 18.18-де Қызылорда қаласы, Әбдірахманов көшесі №81 тұрғын үйдің ауласында сарай жанып жатқаны жөнінде 101 нөміріне хабарлама түсті. Шақырту бойынша №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдар жіберілді. Оқиға орнына жедел жеткен бірінші бөлімше барлау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тұрғын үй ауласында орналасқан ауданы 50 шаршы метрді құрайтын сарай толығымен жанып, көрші тұрғын үйдің жапсарлас салынған бастырмасына және жақын орналасқан моншаның ағаш шатырына қызыл жалын зақым келтіргендігі анықталды.

Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің жылдам әрі нақты іс-қимылының нәтижесінде өрт ошағына жақын орналасқан моншаға ағаш сарай мен уақытша тұрғын үй және гаражға тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру барысында қызыл жалын оранған сарай ішінен №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ж.Рысбеков және аға өрт сөндіруші құтқарушы А.Икмат өз өмірлерін қатерге тіге отырып сыйымдылығы 50 литрлік 2 дана және сыйымдылығы 27 л болатын 4 дана газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша газдың жарылысы болмады. Өрт сағат 18.45-те оқшауланып, сағат 18.51-де толық сөндірілді. Өртке Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінен 15 қызметкер, 4 өрт сөндіру автотехникасы, "Апаттар медицина орталығы" Қызылорда облысы филиалынан 3 қызметкер 1 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға соның ішінде егер де Сіздің тұрғын үйіңіз табиғи газ жүйесіне қосылған болса, бұрынғы пайдаланған газ баллондарды арнайы мекемеге өткізулеріңізді сұраймыз. Өйткені, ескі бос газ баллондар Сіздің және көрші тұрғындарыңыздың өміріне қауіпті.

Қызылорда облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны