22.02.2021, 20:57 26203

Жаңатастағы қайғылы оқиға: өрттен зардап шеккен отбасыға пәтер берілді

Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді.
Тараз. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды", - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге салайық, 19 ақпанда Жаңатаста бес бала улы газбен уланудан қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, пәтердегі өрт ашық от көзінің тез тұтанатын материалдың бетіне түсуі салдарынан туындаған.
 
20 ақпанда Мемлекет басшысы Жаңатаста қаза тапқан балалардың ата-аналарына көңіл айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны