14.05.2012, 13:42 3046

Жалған полицей зейнеткердің 100 мың теңгесін алдап алып кеткен

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жасар әйелдің үй телефонына хабарласқан біреулер оның ұлының атыс қаруын сақтағаны үшін ұсталғанын айтқан. Алаяқтарға әйел ұялы нөмірге 20 мың теңге аударған.

Орал. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Жалған полицей зейнеткердің 100 мың теңгесін алдап алып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 12 және 13 мамыр күндері Орал қаласында төрт бірдей алаяқтық фактісі тіркелді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жасар әйелдің үй телефонына хабарласқан біреулер оның ұлының атыс қаруын сақтағаны үшін ұсталғанын айтқан. Алаяқтарға әйел ұялы нөмірге 20 мың теңге аударған.

47 жасар әйелге тағы бір алаяқ өзін "Сулпак" сауда үйінің қызметкері деп таныстырып, оның "Тошиба" компьютерін ұтқанын хабарлаған. "Сол үшін" әйел 3 мың теңгесінен айрылып қалған. 82 жасар әжей өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған еуропа пішіндес бойжеткенге 80 мың теңгесін өз қолымен ұстатып жіберген.

Ал тағы бір жалған полицей - азиялық пішіндес 18-20 жастағы жігіт 59 жасар зейнеткер әйелдің 100 мың теңгесін алып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны