10.12.2007, 10:08 1645

Жамбыл облысы "Амангелді" кенішінде апаттық жұмыстар аяқталды

Жамбыл облысы "Амангелді" кенішінде апаттық жұмыстар аяқталды

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының "Амангелді" кенішінде апаттық жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

9 желтоқсан күні атқылай бастаған фонтан тоқтатылып, апаттық жұмыстар аяқталды. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ "АқБерен" КФ РМКМ 10 қызметкері және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС 10 адамы және 2 техника қатыстырылды.

Бұдын бұрын хабарланғанындай, "Амангелдігаз" ЖШС №105 кен орнында 6 желтоқсан күні сағат 16-да құбырдан сұйық зат атқылып, жапқыш тетікті айналдыруға мүмкіндік болмады. Алдын ала болжамдар бойынша, кен орнындағы жер қатпарлары арасынын шыққан сұйық зат апатты жағдай туғызған. Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны