13.07.2007, 09:52 1250

Жамбыл облысында 1000 га аумақта дала өртеніп жатыр

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында 1000 га аумақта дала өртеніп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт 12 шілдеде Шу ауданында сағат 19 шамасында шыққан. 13 шілде күнгі сағат 6 -дағы жағдаймен өрт 1000 гектар аумақты шарпыды.

Өртті сөндіруге 15 адам мен 2 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 10 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны