14.07.2009, 09:34 1252

Жамбыл облысында 100 гектар аумақта далалық өрт шықты

Жамбыл облысында 100 гектар аумақта далалық өрт шықты

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында 100 гектар аумақта далалық өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Шу ауданының Тасөткел ауылдық округінде Төле би ауылынан 60 шақырым жерде 12 шілдеде сағат 12.27-де 100 гектар аумақта далалық өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 22 адамының, жалпы 7 техника мен 39 адамның күшімен 13 шілдеде 17 сағат 30 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны