29.03.2011, 12:28 6049

Жамбыл облысында 10 жасар бала суға батып кетті

Жамбыл облысында 10 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 10 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен ауылында бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда, ал суға батып кеткен екінші баланың мәйітін полиция қызметкерлері дүйсенбі күні тапқан. Бұл туралы Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өткен жексенбі күні Қордай аудандық ІІБ Кенен қаласының он жасар екі тұрғыны үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Іздестіру жұмыстарына Қордай аудандық ІІБ қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, Жамбыл облыстық ТЖД "Судан құтқару қызметі" МБ апаттық-құтқару отрядының сүңгуірлер тобы жұмылдырылды.

"Су астында іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін таңертең басталды", - деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны