29.09.2011, 11:40 5364

Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлап, өлтірген күдікті ұсталды

Жамбыл полицейлері 12 жастағы қызды зорлау және өлтіру бойынша аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы бүгiн брифинг барысында ҚР Ішкi iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Нұрділдә Ораз хабарлады.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлап, өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл полицейлері 12 жастағы қызды зорлау және өлтіру бойынша аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы бүгiн брифинг барысында ҚР Ішкi iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Нұрділдә Ораз хабарлады.

Жамбыл ауданының полициясына қыркүйектiң ортасында 12 жастағы баланың ата-анасы қыздарының жоғалып кеткені туралы арыз түсірген. Шұғыл-іздеу шараларын жүргізу кезінде Айша-бибi ауылына жақын маңда өзен жағасындағы қамыстан зорлап өлтіру белгілерімен қыздың мәйіті табылды. Одан әрі шара қабылдау барысында полицейлер мектептен қайтып келе жатқан қызды тосып алып, автокөлікпен жеткізіп салуды ұсынған 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол қызды ауылдың шетіне апарып зорлаған, кейін оны тұншықтырып өлтіреді, ал мәйітті қамысқа жасырған. Қазіргі таңда ол тұтқындалды, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны