07.03.2012, 15:28 3772

Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысын ұрлаған ұрылар 1 миллион теңге талап еткен

"29 ақпанда жеке кәсiпкер, Алматы және Тараз қаласындағы бірқатар азық-түлік дүкенінің иесі, 15 жастағы мектеп оқушысының әкесі полицияға жүгінді. Ол ұлының мектептен жоғалып кеткенін хабарлаған. Кейінірек ұлын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін мойындады. Оны босатуға 1 млн теңге талап етілген", - деді Н.Ораз.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысын ұрлаған ұрылар 1 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ведомствадағы брифингте ҚР Ішкi iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Нұрділдә Ораз хабарлады.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "29 ақпанда жеке кәсiпкер, Алматы және Тараз қаласындағы бірқатар азық-түлік дүкенінің иесі, 15 жастағы мектеп оқушысының әкесі полицияға жүгінді. Ол ұлының мектептен жоғалып кеткенін хабарлаған. Кейінірек ұлын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін мойындады. Оны босатуға 1 млн теңге талап етілген", - деді Н.Ораз.

ҚР ІІМ өкілі хабарлағандай, аталған қылмыс Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері арқылы ашылды.

"Арнайы шаралар кешені нәтижесінде 100 мың доллар және 900 мың теңге көлемінде құн төлеу кезінде жасырынған полиция қызметкерлері 55-тен 63 жасқа дейінгі үш жергілікті тұрғынды ұстады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны