18.01.2007, 14:09 3168

Жамбыл облысында 2006 жылы қаржы полициясы 110 сыбайлас жемқорлық дерегін әшкереледі

ТАРАЗ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері 2006 жылы 110 сыбайлас жемқорлық дерегін әшкереледі, деп хабарлады баспасөз мәслихатында облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Орынбай Ибдиев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, "17 ауылдық округ әкімдері, 7 сот үкімін атқарушылар, 5 ішкі істер органдарының қызметкерлері, 17 денсаулық сақтау қызметкерлері, 19 білім беру қызметкерлері - сыбайлас жемқорлық сипатындағы істер бойынша айыпкерлер".

Анықталған пара алу деректерінің саны жетеу, ал 2005 жылы оның саны үшеуді құраған, ал өз өкілеттілігін асыра пайдалану деректерінің саны 27-ден 49-ға дейін өскен. Мемлекеттік сатып алу аясында он бес қылмыстық іс қозғалған.

О. Ибдиев "білім беру саласындағы қылмыстар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу мен иемденуге және де қызметтік жалған құжаттар жасаумен байланысты болып отырғандығын" атап өтті. Ол мысал ретінде, сот шешімі шыққан екі істі айтып өтті. Яғни, Талас аудандық сотының шешімімен сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған мектеп-интернаттың директоры С. Ибдірахманов бес жылға бас бостандығынан айрылған. Және де Жуалы аудандық сотының шешімімен № 16 кәсіби мектептің директоры Р. Баетов дәл осындай мерізімге бас бостандығынан айрылды.

Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтық деректері үш есеге өскен, олардың жалпы саны - 194. Осы тектес сотқа жеткен 158 істің 82-сі реабилитациялауға жетпайтын негізде, соның ішінде рақымшылық аясында тоқтатылған.

Департамент бастығының сөзіне сүйенсек, өткен жылы алаяқтардың жәбірленушілердің пәтерлерін иеленуіне қатысты 39 қылмыс жасалған. 16 іс бойынша айыпталушылар сот алдында жауапқа тартылды.

Қаржы полициясы пәтерлерді заңсыз қайта рәсімдеуге машықтанған үш қылмыстық топты анықтады. "Тараз қалалық сотының өкімімен бір топтың жетекшісі Н. Кокушев алты жылға бас бостандығынан айрылса, топтың мүшелері Г. Саржанова мен тағы да басқалары бес жыл басға бостандықтарынан айрылған",- деді О. Ибдиев. Ол қылмыскерлердің жасанды қолхат арқылы пәтерлерді рәсімдеп, осының негізінде тұрғын үйді меншіктену құқығын беретін сот шешімі шығарылып отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны