01.08.2006, 15:02 2720

Жамбыл облысында 20 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты қылмыстық іс тексерілуде

ТАРАЗ. 1-тамыз . Kazakhstan Today. Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өткен жылы жойылған "Центр аренды объектов" мемлекеттік коммуналдық мекемесі басшылығының 2002-2005 жылдар аралығында 20 миллионнан астам теңгені жымқыруына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған.

Ақпаратқа қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік қаражаттың көлік қызметтерін көрсетуге , қағазбен қамтамасыз ету туралы және өзгеде төлем құжаттарының жалған жасалуы арқылы ұрланғанын анықтады.

Мекеменің бұрынғы директоры, бас есепші, бір бөлім бастығы және кассир ҚР ҚК 35 бабы, 4-тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару ) және 176 бабы, 3-тармағына (сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлікті иемдену немесе ысырап қылу ) сәйкес қылмыстық жазаға тартылады.

Осыған дейін Жамбыл облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) аталған мекеме қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тексеріп, кейін оны тоқтатқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны