31.01.2012, 10:26 7048

Жамбыл облысында 70 жуық көлік қар құрсауында қалды

Жамбыл облысының "Шақпақ" асуында жолаушылар автобусы, 42 жеңіл көлік пен 25 жүк көлігі қалың жауған қарға кептеліп қалған. Қар құрсауында қалған 152 жолаушының 25 балалар.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 70 жуық көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының "Шақпақ" асуында жолаушылар автобусы, 42 жеңіл көлік пен 25 жүк көлігі қалың жауған қарға кептеліп қалған. Қар құрсауында қалған 152 жолаушының 25 балалар.

Автобус пен жеңіл көліктегі жолаушылар жол-жөнекей көліктермен және темір жол арқылы жөнелтілді.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны