18.03.2013, 17:10 3398

Жамбыл облысында аға лейтенант өз-өзіне қол салды

ҚР Искери прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аға лейтенант турникте өзінің белдігіне асылып қалған. Искери қызметкер қалалық үлгідегі Гвардейский елді-мекенінде тұрып жатыпты. Марқұмның жары тез арада №63302 әскери бөлімінен жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер оның өміріне араша тұра алмады.

Тараз. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында №21520 әскери бөлімінде өзінің пәтерінде аға лейтенанттың өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Искери прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аға лейтенант турникте өзінің белдігіне асылып қалған. Искери қызметкер қалалық үлгідегі Гвардейский елді-мекенінде тұрып жатыпты. Марқұмның жары тез арада №63302 әскери бөлімінен жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер оның өміріне араша тұра алмады.

Искери прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың 18-ші наурызда сағат 11:55-те аға лейтенанттың өлімі тіркелген.

Гвардейский бөлімшесіндегі оқиғаға байланысты Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып тергеу жұмыстарымен айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны