31.10.2008, 15:39 3038

Жамбыл облысында "Ақбақай" АҚ шахтасының 180 горизонтында тас құлау салдарынан екі адам қаза тапты

Жамбыл облысында "Ақбақай" АҚ шахтасының 180 горизонтында тас құлау салдарынан екі адам қаза тапты

Тараз. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында кеше "Ақбақай" АҚ шахтасының 180 горизонтында тас құлау салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Мойынқұм ауданының Кеңес кентінің 31 және 20 жастағы тұрғындары қаза тапқан. Олар алтын өндіруші кәсіпорында жұмыс істемейтін азаматтар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл сайын қараусыз қалған шахталарда бірнеше адамнан қаза табады, олар шахтаға желдеткіштің қуысы арқылы құнды металл іздеп түседі. Қаза тапқандардың мәйіттері мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны