29.10.2009, 09:37 1575

Жамбыл облысында Алматы - Астана трассасында Ауғанстанның төрт азаматы жол апатынан зардап шекті

Жамбыл облысында Алматы - Астана трассасында Ауғанстанның төрт азаматы жол апатынан зардап шекті

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Алматы - Астана трассасында Ауғанстанның төрт азаматы жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Алматы - Астана трассасының 324-ші шақырымында кеше сағат 10.00-де "Лексус" автокөлігі аударылып қалды.

Апат салдарынан 47 жастағы жүргізуші мен 16 және 15 жасар жасөспірімдер Ақсүйек ауылының ауруханасына жатқызылды; тағы бір жолаушы- 45 жастағы әйел алғашқы медициналық жәрдемнен кейін ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің бәрі де Ауғанстан азаматтары.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, сағат 17.30-да зардап шеккендер ҚР ТЖМ-нің 1 тікұшағы мен 4 дәрігер, "Апаттық медицина орталығы" МБ-ның бір техникасының көмегімен Алматыдағы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны