16.03.2012, 10:12 3929

Жамбыл облысында баласы 88 жасар анасын атып тастады

"Сарысу ауданы Саудакент ауылының ауруханасына 14 наурыз күні кеудесіне оқ тиген 88 жастағы қария келіп түсті. Медиктердің барлық мүмкіндікті пайдаланғанына қарамастан, кейуананы ажал тырнағынан алпы қалу сәті түспеді", - делінген хабарламада.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында баласы 88 жасар анасын атып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында ер адам өз анасын белгілі бір мақсатпен өлтірді деген күдік келтірілуде. Бұл туралы Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Сарысу ауданы Саудакент ауылының ауруханасына 14 наурыз күні кеудесіне оқ тиген 88 жастағы қария келіп түсті. Медиктердің барлық мүмкіндікті пайдаланғанына қарамастан, кейуананы ажал тырнағынан алпы қалу сәті түспеді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында анықталғанындай, жедел жәрдем машинасын шақыртқан көрсшісі болып шықты. Ол қабырғадан атылған мылтық дыбысына ұқсас қатты тарсылды естіген.

Криминальды полиция қызметкерлері көп ұзамай қашуға бет алған көз жұмған кемпірдің 50 жасар ұлын ұстады. Қараған кезде оқиға орнынан аңшы мылтығы мен атылған патрондар табылған. Ұсталған күдікті анасын кездейсоқта байқамай атып алдым деп ақталады.

"Алайда жүргізілген сарапшылардың қорытындысы бойынша мылтық біраз арақашықтықтан атылған. Және мылтықтың ұңғысында кемпірдің саусақ іздері жоқ. Соған қарағанда, баласы анасын белгілі бір мақсатпен атып өлтірді деген тұжырым одан әрі тексерілудеру", - деп түйіндейді хабарламасын баспасөз қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны