20.05.2009, 09:47 1216

Жамбыл облысында бір ер адам көлде жүзіп жүріп суға батып кетті

Жамбыл облысында бір ер адам көлде жүзіп жүріп суға батып кетті

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында бір ер адам көлде жүзіп жүріп суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Мерке ауданындағы Аспара ауылында Аспара көліне 19 мамырда сағат 12.00 кезінде 25 жастағы жігіт суда жүзу барысында батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қаратерең елдімекенінде Сырдарияға 19 мамырда сағат 20.00-де 23 жастағы жігіт батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тағы бір оқыс оқиға Астананың Есіл ауданында болған. Башан өзеніне сағат 10.55-те 33 жастағы жігіт батып кетті. Мәйітті құтқару қызметтері шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны