25.12.2008, 09:25 1635

Жамбыл облысында болған екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Жамбыл облысында болған екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында болған екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданда Алматы - Ташкент тас жолының 395-ші шақырымында 24 желтоқсанда сағат 04.00-де КамАЗ және "Мерседес" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 18 жастағы "Мерседес" жүргізушісі мен оның 28 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, 25 желтоқсанда сағат 02.40-та Байзақ ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 501-ші шақырымында 41 жастағы "Сетра" бағытты автобусының жүргізушісі көлігін аударып алды. Көлікте 33 жолаушы болған.

Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны