15.02.2007, 17:21 3072

Жамбыл облысында екі рет сотталған Шу тұрғынынан 2 килограмм героин тәркіленді

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Жамбыл облыстық ІІД арнайы бөлімінің қызметкерлері бұған дейін есірткі сатқаны және сақтағы үшін екі мәрте сотталған, Шуда тұратын әйелден 2 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сол күні Атырау облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері Атырауда есірткі сатылатын орынды жойды. "Арнаулы операция барысында бір жігіттен 1,15 грамм героин салынған үш целлофан доба табылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тінту кезінде тұтқынның гаражындағы сөмкеден 80 дана грек жаңғағы табылып, олардың ішінен жалпы салмағы 513 грамм болатын героин шықты.

Сонымен бірге "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасының аясында Астана қалалық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес жөніндегі арнайы бөлімі мен ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес комитеті "Сарыарқа" ауданы мен "Дархан" дүкенінде героин сатушыны құрықтады. Тінту кезінде одан 106 грамм героин табылып тәркіленді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыскер қамауға алынып, Астанаға героин жеткізілу арнасын анықтауға бағытталған бірқатар шұғыл шаралар жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны