22.06.2007, 10:27 2692

Жамбыл облысында екінші тәуліктен бері дала жанып жатыр

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында екінші тәуліктен бері дала жанып жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20-маусымда 13 сағат 10 минутта Шу ауданындағы Даланқұдық, Бесқауға және Қырықбатыр учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды. 21-маусымдағы жағдаймен жалын Мерке және Мойынқұм аудандарында батыс бағытта таралды. Өрт шыққан жерден Мерке ауданының орталығына дейін 170-190 шақырым, Мойынқұм ауданына дейін - 70 шақырым. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрт аумағы шамамен 100 мың гектар. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 153 адамы мен 23 техникасы, соның ішінде министрліктің 101 адам мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, Жамбыл облысы, Шу ауданында Алға ауылдық округінде облыс орталығынан 27 шақырым жерде 21 -маусымда 13 сағат 10 минутта 850 га жерде дала өрті шықты. Жалын 22 сағат 40 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге жергілікті 10 тұрғын мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны