23.01.2012, 12:59 2980

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 50 жолаушы құтқарылды

22-қаңтар күні 06.20 Шу - Қордай тасжолының 18- шақырымында дизель отынымен жүретін Алматы-Тараз бағытындағы жолаушылар автобусы сұйық отынның қатып қалуына байланысты жолда тоқтап қалған. Автобус ішінде 50 жолаушы, соның ішінде 20 бала болған.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 50 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22-қаңтар күні 06.20 Шу - Қордай тасжолының 18- шақырымында дизель отынымен жүретін Алматы-Тараз бағытындағы жолаушылар автобусы сұйық отынның қатып қалуына байланысты жолда тоқтап қалған. Автобус ішінде 50 жолаушы, соның ішінде 20 бала болған.

Оқиға орнына Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің шұғыл тобы, Шу ауданының ПЧ-19, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлері жіберілген. Тиісті шаралар қолға алынып, сағат 8.30 20 жолаушы Белбасар ауылындағы мектепке көшіріліп, қалған жолаушылар жол-жөнекей автокөліктермен үйлеріне жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны