29.03.2007, 15:05 3111

Жамбыл облысында Қырғызстанның азаматтары заңсыз қару сатқаны үшін ұсталды

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында Қырғызстанның азаматтары заңсыз қару сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қзметкерлері жедел шаралар барысында "ТОЗ-8" винтовкасын сату үстінде Қырғызстанның үш азаматын құрықтады. "Көрсетілген тұлғалар "Бесағаш" шекара күзетін айналып өтіп, облыс аумағына заңсыз кіргені белгілі болды",- деп түсінірді баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабының 2-тармағы мен 251-бабының 2-тармағы бойынша (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы, және де қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны