12.06.2007, 09:47 1312

Жамбыл облысында мал жайылымындағы өрт салдарынан мыңнан астам ұсақ мал қырылды

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында мал жайылымындағы өрт салдарынан мыңнан астам ұсақ мал қырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Талас ауданында "Айдос-Жандос" шаруа қожалығының мал жайылымында шыққан. 11- маусымда 150 гектар алқаптағы шөп өртенді. Соның салдарынан 1074 бас ұсақ мал қырылды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт шаруа қожалығындағы адамдардың күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны