11.06.2007, 15:50 2928

Жамбыл облысында Шымкент тұрғынынан 700 кг жуық марихуана тәркіленді


АЛМАТЫ. 11-маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында Шымкент тұрғынынан 70 кг жуық марихуана тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақапараттарына сүйенсек, Луговая бекетінде 205 кг марихуананы шауып, кептіріп үлгерген Шымкенттің 33 жасар тұрғыны құрықталған. "Тергеу барысында күдікті ұсталғанға дейін тағы 485 кг марихуананы тыққанын мойындады",- деп атап өтті полицейлер. Полицейлердің айтуынша, ол есірткіні Тәтті және Аспара бекеттерінің арасындағы темір жолда орналасқан бағдаршамға тыққан.

Сонымен қатар баспасөз қызметінен, "Наркощит" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілген 7 ішінде көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 қылмыс әшкерлеген, олардың 12 дерегі есірткі сату және 5 контрабанда. Заңсыз айналымнан 891 кг астам әртүрлі есірткі тәркіленген, олардың ішінде 890 кг марихуана, 1 кг астам героин және 22 грамм гашиша.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны