21.10.2008, 18:14 3189

Жамбыл облысында тікұшақ таумен соқтығысып, ұшқыш қаза тапты (толықтырылған нұсқасы)

Жамбыл облысында тікұшақ таумен соқтығысып, ұшқыш қаза тапты (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында тікұшақ таумен соқтығысып, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 19 қазанда Жанақ шатқалында Көктөбе ауылынан 10 шақырым жерде, солтүстік-шығыс бағытта, Жамбыл облысының Қордай ауданында сағат 15.00-де РФ азаматы тізгінінде отырған тікұшақ "тұман кезінде таудың оң жақ баурайымен соқтығысты".

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Sky Service АҚ-ына тиесілі EUROCOPTER EC 130B4 UNE3007 тікұшағы Қордай ауылы - Балқаш қаласы бағытында ұшып бара жатқан.

Оқыс оқиғаның салдарынан 40 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы - 39 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы "медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді".

"Бішкек қаласында тұратын Қырғызстан азаматы, бір әуе компаниясының бас директоры Балқаш көлінен балық аулау үшін Алматыда 4 млн теңгеге пилотты тікұшақты жалға алған", - деп хабарлайды Тараз ІІБ.

Полиция мәліметінше, "16 қазанда сағат 15.00-де Sky Serviсе АҚ-ына тиесілі тікұшақ Боралдай әуежайыанн тапсырыспен шығып, 19 қазанда базаға оралмаған".

Артынан мәлім болғанындай, 19 қазанда сағат 11-де тікұшақ Қордай ауданының аумағына қонып, жолаушыларын түсіріп, жанармай құйып, Қырғызстан азаматын алып Қордайдан Балқашқа қарай шыққан. Тұман салдарынан тікұшақ Жамбыл облысының Қордай ауданының Жанақсай шатқалында Сұлутөр ауылдық округінің Көктөбе ауылынан 10 шақырым жерде тауға соғылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Тауға соғылғаннан кейін жолаушы тұңғиыққа қарай құлдырай құлаған тікұшақтың ашылып кеткен есігінен түсіп қалған. Ал тікұшақ 150 метр төменде күлпаршасы шығып, жанып кеткен. Соның салдарынан ұшқыш оқиға орнында қаза тауып, жолаушы жарақаттармен сол маңдағы иесіз қалған қораға жетіп, ертеңінде бір малшыны жолықтырып, оқиға туралы полицияға хабар берген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық ІІД-нің басшылығы осы оқиғаға байланысты шұғыл тергеу тобын құрып, сараптамалар мен тексерулер тағайындады. Жиналған материалдар Шу көлік прокуратурасына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны