26.09.2006, 10:16 2888

Жамбыл облысында үш жол апатынан алты адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Жамбыл облысында үш жол апатынан алты адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шу ауданында Аспара-Шу өткелегінде 25-қыркүйекте 9 сағат 45 минутта реттелмейтін темір жол өткелегінде №2202 жүк поезы "ВАЗ-2107" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақаттан оқиға орнында мерт болды. Темір жол составтаның қозғалысына кедергі келген жоқ.

Сол күні Тараз қаласында 10-шы ықшам ауданда "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі "Мудан" автобусымен соқтығысып қалды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, тағы екі жолаушы түрлі жарақатармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге сарысу ауданында Саудакент-Шолаққорған тас жолының 12-шақырымында "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болса, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны