17.01.2008, 10:41 1517

Жамбыл облысында вагондар шойын жолдан шығып кеткен жерде темір жолдың зақым келген бөлігі жөнделді -ТЖМ

Жамбыл облысында вагондар шойын жолдан шығып кеткен жерде темір жолдың зақым келген бөлігі жөнделді -ТЖМ

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында вагондар шойын жолдан шығып кеткен жерде темір жолдың зақым келген бөлігі жөнделді ,- деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "16 қаңтардағы 22 сағаттағы жағдаймен темір жолдың зақым келген бөлігі жөнделді. Түзетілген кестеге сәйкес, поездардың қозғалысы екі жолмен де жүзеге асырылуда. Электр бағанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", -деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиғаның залал-зардаптарын жоюға темір жолдың жамбылдық бөлімінің қалпына келтіруші бригадасының 100 адамы мен Алматы және Шу станциясының қалпына келтіруші поезы жұмылдырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қаңтарда 17 сағат 35 минутта Шоқпар-Алаайғыр өткелінде (3821 км), Шу станциясынан Отарға қарай 70 шақырым жерде Алматы облысының Шу станциясынан Боралдай станциясына жол тартқан №2908 жүк поезының 21 вагонының (барлығы көмір тиелген 49 вагонов) 18 вагоны аударылып, соның ішінде 3 вагон кері бағыттағы жолды басып қалды. Оқыс оқиғаның салдарынан 3 электр бағаны құлап, оң тармақта 400 метр темір жол, сол жақ тармақты 12 метр темір жолға зақым келді. Апаттың алдын-ала себебі автосцептің үзілуі мен бір вагон тежегішінің өзіндігінен жұмыс істеуінен болған деп танылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны